×

Qazaq Air Ресейге рейстерін тоқтатты

Бұған дейін Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатқан еді

 Халық үні 12.03.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге рейстерін тоқтатты.

Qazaq Air әуе компаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімінің берілмегені туралы хабарлама алды. Осы жағдайға байланысты компания сақтандыру бойынша мәселе шешілгенге дейін Ресей аумағының үстінен ұша алмайды. Осыған байланысты Новосібірге баратын бүгінгі рейс (2022 жылғы 12 наурыз) тоқтады, - делінген ресми сайттағы ақпаратта.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

«Ақшаны билеттерді сатып алған жерден қайтаруға болады. Билет әуе компаниядан сатып алынса, info@flyqazaq.com электронды поштасына жазған жөн. Қайтаруға өтініммен бірге бронь нөмірін әрі байланыс деректерін көрсету керек. Билет агенттіктен сатып алынса, сатып алған жерге хабарласу қажет», - деді әуе компания өкілдері.

Qazaq Air уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Бұған дейін Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты. Ал SCAT керісінше Ресейге рейстер санын көбейтпек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама