×

SCAT Ресейге рейстер санын көбейтпек

Бұған дейін Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатқан еді

 Қымбат Елтайқызы 11.03.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Халықтың үлкен сұранысына байланысты әуе тасымалдаушы Ресейге рейстер санын көбейтіп, осы бағытта жаңа маршруттарды іске қосады. Жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тығыз ынтымақтастықта жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңда SCAT Мәскеуге Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен рейстер орындауда. Сондай-ақ Ақтаудан Грозный мен Махачкалаға рейстер орындалып жатыр, – дейді SCAT.

«Нұр-Сұлтан – Мәскеу» рейсі енді бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. 15 наурыздан бастап компания Нұр-Сұлтаннан Ресей астанасына сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қосымша жиіліктерді іске қосады. Кейін күнделікті рейстерді ұлғайтады. «Шымкент – Мәскеу» рейсі бүгін әр сәрсенбі сайын орындалады. 20-шы наурыздан бастап әуе тасымалдаушы жексенбі күндері қосымша жиілікті іске қосады. Ал сәуірде рейс санын аптасына 3 ретке дейін арттырады. «Ақтау – Мәскеу» сенбі күндері орындалады. 16 наурыздан бастап SCAT әр сәрсенбі сайын қосымша жиілікті іске қосады. Сонымен қатар SCAT 15 наурыздан бастап «Алматы – Мәскеу» жаңа бағытын ашады. Аптасына 2 реттен күнделікті орындауға дейін жиіліктерді арттырады.

«Қазір компания кестеге жаңа рейстер енгізіп жатыр. Билеттер жақын күндері сатылымға шығады және қаладағы барлық интернет-ресурс пен кассаларда қолжетімді болады», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30

Ақтаудағы сұмдық жағдай: оқиғаға не себеп болғаны белгілі болды

Алдын ала болжам бойынша, кісі өлтіру дерегі отбасы жанжалынан туындаған
26.03.2023 | 08:50