×

Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты

Бұған дейін Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтаған еді

 Халық үні 11.03.2022 | 10:55
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Ресейге қатынайтын рейстер толығымен тоқтатылғанын хабарлады. Бұған дейін әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстерді орындай беретінін, ал Ресейдің басқа қалаларына өндірістік себептерге байланысты ұшпайтынын айтқан еді.

«Өкінішке қарай Air Astana Ресей Федерациясына және оның аумағы үстінен коммерциялық ұшулардың сақтандыру өтемінің тоқтатылуына байланысты бұл бағыттағы барлық рейс тоқтатылатынын хабарлайды», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Әуе компаниясы рейстерді тез арада жандандыру мәселесін Қазақстан үкіметімен бірлесіп шешіп жатыр. Компания тоқтатылған рейстерге билет алып қойған жолаушылардан оны сатып алған жерге жүгінуді өтінді. Жолаушыларға билет құны толық көлемді қайтарылмақ.

Билет алып қойған жолаушылар Air Astana әуе компаниясына төмендегі нөмірлер арқылы байланыса алады:

  • +7 727 244 4477 (08.00 - 00.00)
  • +7 7172 584477 (08.00 - 00.00)
  • +7 702 702 4477 (08.00 - 00.00)
  • WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 - 20.00)
  • Online chat: airastana.com (24/7)
  • help.airastana.com
  • Ресейдегі байланыс нөмірлері:
  • Тел.:+7 (495) 287 70 08/09
  • Тел .: +7 (495) 363-50-40
  • Моб.: +7 985 232 04 36.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама