×

Биыл елімізге 2 млн 900 мың ресейлік келген

Елден 6 миллионға жуық адам кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2022 | 14:28
фото: Нұрдәулет Әбікеев

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың айтуынша, биыл Қазақстанға 5 миллионнан аса шетелдік келген.

Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген. Биыл ел аумағына 2 миллион 900 мың ресейлік азамат кірген көрінеді. Екінші орында Өзбекстан (2 миллион 300 мың адам) тұр. Сондай-ақ елге Қырғызстаннан 730 мың, Тәжікстаннан 330 мыңнан аса адам және Түркиядан 90 мыңға жуық адам келген.

ІІМ хабарлауынша, қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік бар. Елден 6 миллионға жуық адам кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама