×

Байлық салығы көліктің қозғалтқыш көлеміне қарап салынбайды – Әлібек Қуантыров

Салықтың жаңа түрі 2024 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға салынады

 Дәурен Ерболат 26.12.2022 | 13:11
ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген қымбат көліктер

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров байлық салығы көліктің құнына қарай салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Автомобильдің көлеміне қатысты байлық салығын салуды қарастырып отырған жоқпыз. Елімізде көліктің қозғалтқыш көлемі үлкен болса, прогрессивті шкала ескерілген, яғни оның көлемі 3 литрден асқанда, көлікке қатысты тиісті салық бар. Енді байлық салығын енгізу барысында біз көлік құнына қараймыз. Мысалы, көлік құны 200 мың доллар болса, онда бастапқы жарна кезінде бір реттік төлем немесе жыл сайынғы төлем болуы мүмкін. Сондықтан көліктің қозғалтқыш көлеміне қарай есептеу болмайды деген ойдамын», - деді Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министр бұған қатысты нақты мәлімет келесі жылы белгілі болатынын атап өтті.

Байлық салығы бойынша талқылауды енді бастап жатырмыз. 2023 жылдың бірінші тоқсанында талқылаулардың негізгі кезеңі болады. Қазір дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеп жатырмыз, - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдан бастап байлық салығы салынатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама