×

«Fly Arystan» әуекомпаниясы «A320neo» ұшағын сатып алды

Тамыз айынан бері 12 ұшақ пайдалануға берілді

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2022 | 11:02
фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша ұшақтың санын көбейту және отандық әуекомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы ведомство хабарлады.

24 желтоқсанда «Fly Arystan» әуекомпаниясы «A320neo» ұшағын алды. Ол осымен әуекомпания сатып алған үшінші ұшақ болды. Ұшақ 188 орынға арналған. Ал жалпы тамыз айынан бері отандық әуекомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 креслоға дейінгі жаңа 12 ұшақ алды.

«Қазақстандық әуекомпаниялардың ұшақтарын көбейту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл жұмыс министрліктің Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында», –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама