×

Мәскеуде әскери бөлім мен ОМОН жатақханасы отқа оранды

Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2022 | 09:37
фото: ura.news

Мәскеудің солтүстік-батысында орналасқан Росгвардия бас басқармасының ғимараты өртенді.

ТАСС-тың хабарлауынша, өрт ғимараттың жатақхана орналасқан бөлігінің шатырынан басталған.

Росгвардияның Твардовский көшесінде орналасқан Мәскеу бойынша басқармасының ғимаратында өрт болды. Алдын ала деректер бойынша, өрт жетінші қабаттағы бронды жилеттер сақталған бөлмеде тұтанған. Ол алдымен газға қарсы бас киім сақталған шкафтың жанғанын айтқан. Өртке электр жабдығының қысқа тұйықталуы себеп болған, – деді Мәскеудің шұғыл қызметінің өкілі.

Сол күні бұдан бұрын Мәскеудің Шығыс әкімшілік округінің әскери бөлімінде өрт болған еді. Бөлім территориясындағы гараж бокстары жанып кетті.

Өрт Сокол таулары 3-көшесіндегі 10-үйде орналасқан бір қабатты гараж бокстарында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар әскери бөлімнің территориясында орналасқан болып шықты, – деп хабарлады шұғыл қызмет дерегіне сүйенген басылым.

Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны бірнеше өрт сөндіруші бригада сөндірген. Бұған бірнеше сағат уақыт кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама