×

Жүкембаев та африкалық қарсыласын 3 нокдауннан кейін нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Ол былтыр мексикалық Альваресті 69-секундта нокаутқа түсірген болатын

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 11:50
фото: видеодан скриншот

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастырының бірінде жеңіске жетті.

Оның қарсыласы «Tiger» лақап атымен танымал оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас алтыншысында техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.

Осылайша, Жүкембаев карьерасында 20 рет жеңіске жетіп отыр. Оның 16-сы – нокаут. Жалпы, Батыр рингке былтыр желтоқсанда шыққан болатын. Ол кезде мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69-секундта нокаутқа түсірген-ді.

Еске сала кетсек, мұның алдында Садриддин Ахмедовтің де оңтүстікафрикалық қарсыласын 1-роундта 3 нокдаунға түсіріп, таза жеңгенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама