×

Ұлттық банктегі ауыс-түйіс: Біртанов қызметінен кетті

Тоқаев ауыс-түйіс жасады

 Халық үні 11.03.2022 | 16:36
фото: ашық дереккөзден

Виталий Тутушкин Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған қоса Президент өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Тиісті өкімдер Ақорда сайтында жарияланды.

Есжан Біртанов – қазір жемқорлық ісі бойынша үйқамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың інісі.

ЕСЖАН БІРТАНОВ

1975 жылы 1 шілдеде туған;

1997, 1999 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономист-менеджер», «экономика магистрі» мамандығы бойынша бітірген;

2002 ж. – «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған;

2015 ж. – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Executive Management бағдарламасы бойынша аяқтаған;

1998-2003 жж. – Ұлттық банкте жетекші дилер, бас дилер, басқарма бастығының орынбасары, монетарлық операциялар департаментінде дилингілік операциялар басқармасының бастығы, монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары;

2003-2005 жж. – Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің дилингтік операциялар басқармасының басшысы;

2005 жылғы 18 қазан – 2012 жылғы 28 қыркүйек - Ұлттық банк монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары;

2012 жылғы 28 қыркүйек – 2014 жылғы 1 сәуір - «Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарама төрағасы;

2014 жылғы 1 сәуір – 24 маусым - Ұлттық банк ұйымдастыру жұмыстары, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы;

2014 жылғы 3 сәуір - 24 қазан – Ұлттық банк жоспарлау және бюджет департаментінің директоры;

2014 жылғы 24 қазан – 2015 жылғы 30 маусым - Ұлттық банк жоспарлау және бюджет департаментінің директоры;

2015 жылғы 1 шілде – 2016 жылғы 11 қаңтар - «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі;

2016-2017 жж. – «Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарама төрағасы;

2018 жылғы 24 қаңтар – 2019 жылғы 28 наурыз – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры;

2019 жылғы 28 наурыздан – Ұлттық банк төрағасының орынбасары;

Басқа қызметтері:

2017 жылғы 1 қарашадан - «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор;

2018 жылғы ақпан - 2019 жылғы сәуір аралығында - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» директорлар кеңесінің мүшесі;

2018 жылғы 31 қаңтардан 2019 жылғы сәуірге дейін - «Қазақстан даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;

2019 жылғы 12 сәуірден - KASE директорлар кеңесінде Ұлттық банк өкілі;

2019 жылғы 13 мамырдан - KASE Қазақстандық қор биржасы директорлар кеңесінің басшысы.   

Серіктес жаңалықтары

Сараптама