×

Түркия Қазақстанға өсімдіктердің генетикалық банкін құруға көмектеседі

Тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 Динара Амантай 24.12.2022 | 13:04
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Түркияның Ауыл шаруашылығы вице-министрлері Анкарада екі елдің АӨК-дегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы 10 қарашада Шымкент қаласында Қазақстан мен Түркияның арасында тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Вице-министр Әбілқайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация аталған келісімді одан әрі іске асыру үшін Анкараға барды.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылап, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын өндіру және сертификаттау қызметін құру процестерін жолға қою бойынша тәжірибе алмасу жөнінде уағдаласты. 

Сонымен қатар, Әбілхайыр Тамабек аурулар мен зиянкестерге тұқымдық талдау жүргізуде зор тәжірибесі бар Түркия Республикасының «TSUAB» тұқым өсірушілер қауымдастығы, «TMO» астық одағы мен «TUAB» тұқымдық сертификаттау қызметінің кеңселеріне барды.

Бұған қоса, қазақстандық делегация Түркия Республикасының Ұлттық генетикалық тұқым банкінде болды. Кездесу барысында Қазақстанда осындай генетикалық банкті құру бойынша консультациялық көмек көрсету туралы келісімге келді.

Тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері алда тұқым шаруашылығы бойынша өтетін халықаралық бизнес-форумының алаңында екіжақты кездесулер шеңберінде талқыланады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама