×

Ұлыбританияда Чарльз III король бейнеленген банкноттар шықты

Олар 2024 жылдың ортасынан бастап айналымда болады

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2022 | 16:18
фото: ашық дереккөз

Ұлыбританияда Чарльз III король бейнеленген банкноттар шықты. Банкноттар 2024 жылдың ортасынан бастап айналымда болады.  

Sky News-тің хабарлауынша, Англия банкінің төрағасы Эндрю Бэйли Чарльз III портреті банкноттарда бейнеленген екінші монарх болатынын айтқан.

Мен банктің Чарльз III корольдің портреті жаңа банкноттарымызда бейнеленгеніне мақтанамын, –  деді ол.

Корольдің суреті 5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтік жаңа купюраларда шыққан. Дегенмен дизайн бұрынғы банкноттардан ерекшеленбейді.

Басылымның мәліметіне қарағанда, марқұм Елизавета II патшайымның бейнесі бар вексельдер заңды төлем ақша болып қалады. Банк оларды ескірген кезде ғана пайдаланудан алып тастайды.

Королеваның портреті алғаш рет 1960 жылы британдық банкноттарда пайда болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама