×

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне Данияр Қадыров келді

Ол бұған дейін Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

 Халық үні 11.03.2022 | 09:41
фото: ашық дереккөзден

Данияр Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деді премьер-министрдің баспасөз қызметі.

ДАНИЯР ҚАДЫРОВ

1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

2000-2004 жылдары — Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2004-2005 жылдары — БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019 жылдан бастап қазірге дейін Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама