×

Оралда мас адам полицейге бұрағышпен шабуыл жасады (ВИДЕО)

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 20.12.2022 | 14:50
Фото: polisia.kz

Оралда полицейге мас күйінде шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 желтоқсан күні сағат 03.50-де Мұхит пен Дина Нұрпейісова көшелерінің қиылысында 32 жастағы азамат басқарған ВАЗ-2110 көлігі тоқтатылған. Жүргізушінің бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Оның жанында 24 жастағы досы болған.

Көлік арнайы автотұраққа шығарыла бастағанда, жолаушы полиция инспекторына шабуыл жасап, оған бірнеше рет бұрағышты (отвертка) сілтеген. Қылмыс жасалған кезде ол мас болған.

Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жолаушыға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама