×

«Аяз күшейеді»: алдағы 3 күнге ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында 15-28 градус аяз болады

 Халық үні 19.12.2022 | 22:25
Фото. philadelphia.cbslocal.com

«Қазгидромет» РМК 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

«Қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Суық арктикалық ауа массасының әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасы төмендейді, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында 15-28 градус аяз болады», -делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама