×

Өзбекстандағы мұнай мен газ қоры 40 жылға жетеді

Бұл елде 300-ге жуық кен орны бар

 Дастан Жұмабекұлы 19.12.2022 | 17:51
фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Мемлекеттік геология және минералдық ресурстар комитетінің өкілі Еркин Назаров осы елдің мұнай мен газ қорының мөлшерін айтты.

Оның айтуынша, Өзбекстан аумағындағы мұнай мен газ қоры 40 жылға жетеді.

Өзбекстанда 300-ге жуық мұнай-газ кен орны бар болып, олардың қоры 40 жылға жететіні анықталды. Сонымен қатар уран шикізатының 15 жылдық қоры бар екені белгілі болды. Қазір шамамен 50 миллиард текше метр табиғи газ бар, –  деді ол.

Назаров алдағы уақытта геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде болашақта қор табылуы мүмкін екенін атап өткен.

«Біздің қорымыз 40 жылдан кейін таусылады деген мәселе емес. Жыл сайын геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, мұнай, газ, уран және басқа да шикізаттың толық қоры анықталып тұрады», –  деді комитет өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама