×

Республикалық дебат турнирінің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды

Республикалық кезеңдегі зияткерлік сайысқа облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған 100-ден аса оқушы қатысқан

 Динара Амантай 19.12.2022 | 10:21
Фото: t.me/oqu_agartu

Республикалық дебат турнирінің 27 жеңімпазы планшеттер, ұялы телефондар мен ноутбуктер жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Астанада министрлік кубогі үшін оқушылар арасында өткен республикалық дебат турнирі аяқталды. Еліміздің әр өңірінен 27 оқушы жеңімпаз атанды. Олар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Республикалық кезеңдегі зияткерлік сайысқа облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған 100-ден аса оқушы қатысқан.

Қазақ, орыс және ағылшын лигалары бойынша 1-орынды және Оқу-ағарту министрлігінің кубогін Павлодар және Ақтөбе облыстарының командалары жеңіп алды. Ақниет Оралғазы (Семей), Арухан Мұрзаділова (Астана), Севинч Абдусаматова (Түркістан облысы) үздік спикерлер атанды.

Мен студенттік кезімде дебаттарға белсене қатыстым. Сондықтан дебаттардың көптеген маңызды құзырет пен дағдыны үйрететінін білемін. Пікірталасқа дайындалған кезде сен кез келген мәселеге әдеттегідей тек бір жағынан ғана емес, сонымен бірге сыни тұрғыдан қарауды, жағымды және жағымсыз жақтарын көруді үйренесің. Барлық дұрыс және кемшін тұсын өлшейсің. Бұл – өте маңызды. Қазір балалар гаджеттерді жиі пайдаланады. Бұл ретте оқушыларымыздың өз ұстанымдарын дәлелдеп, сыни тұрғыдан ойлауы, топта жұмыс істей білуі маңызды. Барлық қатысушыны жетістіктерімен құттықтап, жаңа жеңістер тілеймін. Сіздермен бірге дебат қозғалысын дамытуды жалғастырамыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама