Halyq Uni логотип
×

Козачков ісі: Республикалық адвокаттар алқасы мәлімдеме жасады

Комиссия адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылғандығы жөнінде шешім әзірлемек

 Динара Амантай 19.12.2022 | 09:58
Козачков ісі: Республикалық адвокаттар алқасы мәлімдеме жасады
фото: Михаил Козачковтың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Республикалық адвокаттар алқасының президиумы журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі пресс-релизінің жариялануына байланысты оқиғалардан хабардар екенін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз адвокаттардың бұл іске қатысы жоқтығын мәлімдейміз. Адвокаттар алқасының нақты ұстанымы іске қатысушы адвокаттармен кеңескеннен кейін белгілі болады. Республикалық адвокаттар алқасының Адвокаттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылғандығы жөнінде шешім әзірлеп жатыр, – делінген Республикалық адвокаттар алқасының хабарламасында.

Сондай-ақ комиссия адвокат А.Б.Веретельникованың қорғауындағы азаматтың үй-жайына тінту жүргізуге қатысуға жібермегеніне байланысты апелляциялық шағымы бойынша жұмысты бастады. Бұған қоса адвокат И.В.Панның қорғауындағы азаматпен жолығуға мүмкіндік бермеу туралы арызы да қаралып жатқаны белгілі болды.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерін Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына қатаң әрекет етуге шақырамыз. Адвокаттардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Республикалық адвокаттар алқасы кінәлі тұлғаларды заң аясында жауапқа тарту шараларын қабылдайды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін журналист Михаил Козачковтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жағдайдың министрліктің жіті қадағалауында екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама