×

Министр Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Жағдай министрліктің жіті қадағалауында

 Халық үні 19.12.2022 | 01:47
фото: ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында журналист Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты пікір білдірді. 

«Әріптесіміз Михаил Козачковқа қатысты жағдайдан Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты арқылы хабардар болдық. Жағдай министрліктің жіті қадағалауында.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, бұған қатысты қандай да бір пікір айтып, баға беруге ерте. Дегенмен ол объективті жүреді деп сенеміз, – деп жазды министр.

Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың ұсталғаны хабарланған еді. Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада журналистің «Болат Назарбаевтың көмекшісімен байланысты қылмыстық топқа рейдерлік жасауына көмектесті» деген күдікке ілінгені жазылған.

Алайда «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымы тінтудің адвокатсыз жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама