×

Коронавирустан 2 мыңнан аса қазақстандық емделіп жатыр

4 науқастың жағдайы ауыр

 Дәурен Ерболат 19.12.2022 | 10:00
Фото: ТАСС

Елімізде 2 мыңнан аса адам COVID-19-дан емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

18 желтоқсанда 139 адамнан коронавирус табылды, ал 17 желтоқсанда 140 қазақстандық індетке шалдыққан.

Соңғы мәлімет бойынша 2 215 адам COVID-19-дан емделіп жатыр.

Оның ішінде 328 пациент – стационарда, 1 887 науқас – амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 11 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама