×

Астанада 300-ден аса отбасы баспаналы болды

Қала әкімі тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады

 Динара Амантай 17.12.2022 | 11:11
Фото: @jenis_qasymbek

Астанада «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспаналы болды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Достар! Өздеріңіз білетіндей, алдымызда қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Осыған дейін әкімдік 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды. Бүгін, яғни 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Тұрғындарды бүгінгі мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын! Әрбір отбасыға амандық, дендеріне саулық тілеймін! – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ ол әкімдік өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырып жатқанын айтты. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдету тапсырылған.

Бұған қоса қала әкімі құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы мемлекет басшысының бақылауында екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама