×

Енді сарбаздар несиесін кейін төлей алады

Бұл барлық банк пен микроқаржы ұйымындағы қарыздарға қатысты

 Дәурен Ерболат 15.12.2022 | 17:45
Фото: kyzylorda-news.kz

Қазақстанда мерзімді қызметтегі сарбаздар несиесін кейін төлеуге мүмкіндік алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мерзімді қызметтегі сарбаздарға «несиелік демалыс» беру туралы меморандумға қол қойды.

Бұл бастама мерзімді қызметтегі сарбаздарға әскери қызметін атқару кезінде өз несиесін кейін төлеуге мүмкіндік береді. Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру барлық банк пен микроқаржы ұйымына байланысты. Осылайша, сарбаздардың барлық қарызын төлеуді тоқтату көзделеді, - деп жазылған Қорғаныс миниситрлігі таратқан хабарламада.

Меморандумды іске асыру үшін министрлік пен агенттік қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың арнайы алгоритмін әзірлеген.

Шақыру науқаны кезінде болашақ Отан қорғаушылардың банктен алған қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алуды тоқтата тұру мәселесін пысықтайды, - деп жазылған хабарламада.

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады.

«Сондай-ақ сот актілеріне сәйкес кредитор берешекті өндіріп алудың барлық түрін тоқтатуға міндетті болады. Меморандум қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды мүдделерін уақтылы қорғауды көздейді», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама