×

Месси тағы бір рекордты жаңартты

Аргентиналық шабуылшы әлем чемпионаттарындағы голдары мен нәтижелі пастарының санын 20-ға жеткізді

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2022 | 10:53
фото: ашық дереккөз

Аргентина ұлттық құрама командасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір рекордты жаңартты. Ол Аргентина мен Хорватия командаларының матчында 11 метрлік айып добын соғып, екінші таймда командаласы Хулиан Альвареске нәтижелі пас беріп, әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 11-ге, пастарының санын 9-ға жеткізді.

Осылайша, «Алтын доптың» 7 дүркін иегері Месси Мирослав Клозеден (16 гол + 3 пас), Роналдодан (15 гол + 4 пас), Герд Мюллер (14 гол + 5 пас) мен Пеледен (12 гол + 7 пас) асып түсті.

Аргентина Хорватиямен ойында 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Аргентина құрамасы енді 15 желтоқсанға қараған түні Франция мен Марокко матчының жеңімпазымен алтын жүлдені сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама