×

Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады – Аймағамбетов

Балаларды үйірмелермен және секциялармен қамтамасыз ету үшін бұрын-соңды болмаған іс-шаралар көзделген

 Динара Амантай 14.12.2022 | 10:40
Фото: t.me/KZgovernment

Елімізде оқушыларға арналған 50 сауықтыру лагері құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, президенттің сайлауалды бағдарламасында балалардың денсаулығына ерекше назар аударылған.

Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Олардың әдістемелік және мазмұндық жағы да қарастырылады. Балаларды үйірмелермен және секциялармен қамтамасыз ету үшін бұрын-соңды болмаған іс-шаралар көзделген. Кемінде 100 жаңа ірі нысан, яғни оқушылар сарайларын, жас техниктер стансаларын, балалар технопарктерін, музыка және өнер мектептерін салу жоспарланып отыр. Бұл мектептен тыс ұйымдардың балалардың тұратын жерінен қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ ведомство басшысы орта білім бойынша қажетті оқу материалдарын цифрлы форматқа көшіру арқылы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілетіндігін айтты.

Экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін қайта қарау жоспарланған, – деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама