×

Кузбасс шахтасындағы апаттан зардап шеккендердің саны 76-ға жетті

Апат салдарынан 51 адам қаза тапты

 Халық үні 29.11.2021 | 10:48
фото: iz.ru

Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апаттан зардап шеккендердің саны 76-ға жетті. Оның ішінде 64 адам ауруханада жатыр: төртеуінің жағдайы ауыр, 14-інің жағдайы орташа, 46-сының жағдайы - қанағаттанарлық.

Кемерово облысындағы қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аясында шахтаның 47 жастағы директоры, оның 59 жастағы бірінші орынбасары және 36 жастағы учаске басшысы ұсталды. Олар қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталды. Соның салдарынан газ-динамикалық құбылыс болған. №4 учаскенің вентиляциялық дрейфінің түтініне жұмысшылар тұншығып қалған.

РФ бас прокурорының орынбасары Дмитрий Демешиннің айтуынша, төтенше жағдайдың себебі ұшқыннан туындаған метанның жарылуы салдарынан динамикалық соққы болған.

25 қараша күні таңертең «Листвяжная» шахтасында жарылыс болды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 285 адам болған. Апат салдарынан 51 адам қаза тапты. Кемерово облысында үш күндік қаралы күн жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама