×

Ақтөбе облысында әкімді өлтіріп кетті: тың дерек шықты

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округының әкімі Ернар Махамбетов пышақ жарақатынан қайтыс болды

 Халық үні 13.12.2022 | 19:50
Фото: inform.kz

Кеше түнде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтың денесі табылды, деп хабарлады orda.kz.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округының әкімі Ернар Махамбетов пышақ жарақатынан қайтыс болды. 36 жастағы ауыл басшысы мен фермер арасында жанжал болған. Бейресми деректерде демалыс күндері ауыл әкімінің аңға шыққаны айтылады. 

«Жағдайдың болғаны рас. Кеше түнде болды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиға Қарабұлақ ауылында емес, басқа территорияда болды», – дейді Алға ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Кангужин.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастың пышақ жарақатынан қайтыс болғанын растады. Әкім аудандық ауруханаға жеткізілгенше көп қан жоғалтқан.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен «кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама