×

Путин соңғы 10 жылда бірінші рет баспасөз мәслихатын өткізбейтін болды

Алайда ол Кремль пулындағы жеке «пропагандистерімен» оңаша сөйлеседі деген дерек бар

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2022 | 08:54
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті жыл сайын өткізіп келген дәстүрлі баспасөз мәслихатынан соңғы 10 жылдан бері биыл бірінші рет бас тартып отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин биылғы жылы үлкен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отырған жоқ, – деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Алайда Путин өтпей қалатын баспасөз мәслихатының орнына Кремль пулындағы жеке «пропагандистерімен» – телеарналардағы саяси хабарлар жасайтын өз жеке журналистерімен оңаша сөйлеседі деген дерек бар.

Биылғы қарашада Ресей БАҚ-тары жылдың соңына баспасөз мәслихаты дайындалып жатпағанын жазды. Бұқаралық ақпарат құралдары атап өткендей, бұған «майдандағы ахуал» бірден-бір себепкер болып отыр.

Путин 2012 жылдан бастап қорытынды баспасөз мәслихатын желтоқсан айында өткізіп келген болатын. Сол онжылдық дәстүр биыл үзілгелі тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама