×

Үндістан мен Қытай шекарасында әскерилер қару қолданды

Сызықтың арғы беті мен бергі бетінде бірнеше солдат жарақат алды

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2022 | 08:07
фото: ашық дереккөз

Үндістанның Аруначал-Прадеш штатының Тавант округі тұсындағы шекарада қытай-үнді әскерлерінің қарулы қақтығысы болды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Екі жақ шекарашыларының атысы салдарынан сызықтың арғы беті мен бергі бетінде бірнеше сарбаз жарақат алды. Соңғы екі жылда тараптар тыныштық сақтап тұр еді. Сол қалып ақыры осылай бұзылды.

Үндістанның ANI агенттігі мен үнді армиясы мұндай қанды қақтығыстың болғанын растады. Ал атыстан кейін екі тарап та оқиға орнынан кейінге шегініп кеткен.

Алдымен Қытай әскерилері екі елді бөліп тұрған іс жүзіндегі бақылау сызығына шығып кеткен. Оларды үнді сарбаздары тоқтатқан. ANI агенттігінің хабарына қарағанда, екі тараптың да жауынгерлері «жеңіл жарақат» алып қалған.

Үндістан мен Қытай арасындағы шекараның демаркация жасалған аумағы, шын мәніндегі бақылау сызығы – 4057 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама