×

Қызылордада жедел-тергеу тобына шұғыл хабарлама түсті

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Халық үні 13.12.2022 | 01:05
фото: polisia.kz

Бүгін кешке Қызылордада әйел адам көпірден секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Рolisia.kz сайты. 

«12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада «102» арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама