×

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары 132 жаңа автокөліктің кілтін иеленді

Автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі Алматы қаласында өтті

 Динара Амантай 11.12.2022 | 13:05
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы автокөлік сатып алынған.

Автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі Алматы қаласында өтті.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына деген сын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама