×

«Қоқан-лоққы көрген болуы мүмкін». Катардағы ӘЧ-те АҚШ журналисі қайтыс болды

Бұған дейін стадионда түрлі-түсті футболка кигені үшін қамауға алынған

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2022 | 18:00
фото: livescore.com

Катарда Нидерланд пен Аргентина құрамалары арасында өткен футболдан әлем чемпионатының ширек финалы кезінде америкалық танымал журналист Грант Уол көз жұмды.

Ол туралы марқұмның ағасы хабарлап, кейін АҚШ футбол федерациясы растады.

Небәрі 48 жастағы журналист «Лусаил» стадионындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған орында кенеттен естен танып қалған. Ағасының айтуынша, оның денсаулығында бұрын-соңды ешқандай мәселе болмаған. Сондықтан оны Катарда қоқан-лоққы көрген болуы мүмкін деп топшылап отыр.

ABC News басылымының мәліметінше, журналист бұған дейін Катардағы стадионда түрлі-түсті футболка кигені үшін қамауға алынған.

Еске сала кетсек, марқұм Грант Уол – «Бекхэм эксперименті» кітабының авторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама