×

Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кетті: оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты

Тұрғындардың айтуынша, ер азамат бұл үйдің тұрғыны емес

 Халық үні 09.12.2022 | 21:49
Фото:dixinews.kz

Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кетті. Оқиға таңғы уақытта болған. Тұрғындардың айтуынша, ер азамат бұл үйдің тұрғыны емес. Жолдастарына жиі келетін көрінеді, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Полиция қызметіне Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Жігіттің жеке басы анықталды.

«Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол 25 қабаттан құлаған 19 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Қазір ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды», -дейді Астана қаласы ПД ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама