×

Алматының 2023 жылғы бюджеті бекітілді

Қаржының басым бөлігі әлеуметтік қолдауға бағытталады

 Дәурен Ерболат 09.12.2022 | 15:50
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының келесі жылғы бюджеті 1 трлн 258,2 млрд теңге болып бекітілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы мәслихатының депутаттары қаланың 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

Оның ішінде 2023 жылы бюджет қаржысы төмендегі салаларға жұмсалады:

  • 776,6 млрд теңге – мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің жалақысын төлеуге, вакциналар сатып алуға, халықты әлеуметтік қолдауға;
  • 230 млрд теңге – инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға;
  • 207,2 млрд теңге – бюджеттік алулар;
  • 21,4 млрд теңге – МЖӘ шеңберіндегі міндеттемелерге және мемлекеттік қарызды өтеуге;
  • 22,5 млрд теңге – Алматы қаласы әкімінің резервін толықтыруға.

Шаһар бюджетінің жартысы тұрғындарды әлеуметтік қолдауға жұмсалады. Бұл қаржыға 2 520 орындық 10 балабақша салу жоспарланып отыр, әрі тағы 5 мың орындық мемлекеттік тапсырыс жеке балабақшаларға беріледі.

Жалпы, 337 мың оқушыны қамтитын 211 мектепті, 16 интернатты, 50 колледжді ұстауға 242,5 млрд теңге жоспарланған. 18 мектептен тыс ұйымға қосымша білім беруге тағы 2,2 млрд теңге бөлінеді.

2 505 тәрбиешіні, 3 мың мектеп мұғалімін, 150 қызметкерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2,8 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама