×

АҚШ Украинаға тағы 275 миллион доллардың қаруын жөнелтпек

Қазір украиндар Донецк облысындағы Бахмут, Авдеевка елді мекендерін қорғап жатыр

 Еркеғали Болатұлы 09.12.2022 | 15:27
фото: news.myseldon.com

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, жаңа траншқа дрондарға қарсы арсенал, HIMARS реактивтік жүйесіне қажетті зымырандар, әскери автомобильдер және гаубица снарядтары кіреді.

Айта кетсек, ақпаннан бері Вашингтон Киевке 19,1 миллиард доллардың қауіпсіздік жәрдемін жөнелткен еді.

Қазір Украина әскері жаудан Донецк облысындағы Бахмут, Авдеевка елді мекендерін қорғап жатыр.

Сондай-ақ бүгін украин жауынгерлері Луганск облысының Сватова қаласында қарымта шабуылға көшуге кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама