×

Тоқаев Қырғызстанға барды

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 09.12.2022 | 13:10
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласына барды.

Әуежайда мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.

Одан кейін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды. Осы жерде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама