×

Қырымға шабуыл жасалды

Севастопольдің «мэрі» аспанға будақтап түтін ұшқанын жазды

 Дастан Жұмабекұлы 09.12.2022 | 10:40
фото: ашық дереккөз

Қырымдағы Севастополь қаласының орталық бөлігінде кезекті жарылыс болды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Мұны растаған оккупациялық «әкімшілік» жарылысты жасаған ұшқышсыз ұшақтың атып түсірілгенін айтты.

Севастопольдің «мэрі» Михаил Развожаев қаланың орталық бөлігінде күшті жарылыс болып, аспанға будақтап түтін ұшқанын жазды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаның жергілікті уақыт бойынша 6:50-де болғанын жариялады. Содан бірнеше минут бұрын әуеден ұшырылған ракетаның дауысына ұқсас дыбыс естілген.

Сондай-ақ Развожаев шабуыл жасаған жалғыз беспилотникті Қара теңіз флотының кезекші кемесі теңіз акваториясы үстінде атып түсіргенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама