×

Павлодарда ақсақалдар бата беруден жарысты

Жеңімпаз атанған қария республикалық сайысқа қатысады

 Дәурен Ерболат 09.12.2022 | 10:31
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда ақсақалдар бата беруден сынға түсті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Елдің тілеуін тілейік!» тақырыбында облыстық бата жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа қала, аудан мешіттері арқылы іріктелген 13 ақсақал сынға түсті. Қатысушыларды арнайы бекітілген қазылар алқасы сараптады.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мәшһүр Жүсіп мешіті атынан қатысқан Балтабай Сыздықов, екінші орынды Қасым қажы мешіті атынан қатысқан Қуат Баязитов, үшінші орынды Қайрат Құджанов иеленді.

Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлерге сый-сияпаттар берілді.

Бірінші орынды иеленген Балтабай Сыздықов республикалық бата жарысына қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама