×

Ресей мен Беларусь шахмат жарысына қатыса алады

FIDE туы аясында бір рет қана ойнауға рұқсат берілді

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2022 | 15:15
фото: ашық дереккөз

Халықаралық шахмат федерациясының кеңесі (FIDE) ресейлік және беларусь шахматшыларына 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұйым туы аясында ойнауға рұқсат беретін шешімді мақұлдады.

Содан кейін, егер қосымша сұраныстар болмаса, шахматшы жарыстарға қатыса алмайды. FIDE туына ауысқан барлық шахматшылар Ресей, Беларусь немесе басқа федерацияның туына қайта оралу туралы өтініш бермесе, FIDE туы астында ойынын жалғастырады.

Ұйымның сайтында бұл шешімнің 15 желтоқсанда күшіне енетіні айтылған. Шахматшы FIDE жалауы аясында 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін бір рет қана ойнай алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама