×

Жақып Асанов қызметінен босатылды

Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы қызметін 2017 жылдан бері атқарды

 Халық үні 08.12.2022 | 10:01
Фото: Baq.kz

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сенат депутаттары тиісті қаулыны қабылдады.

Жақып Қажманұлы Жоғарғы соттың төрағасы ретінде еліміздің сот жүйесін дамыту жолында еселі еңбек етті. Сол үшін әріптесімізге Сенат атынан алғысымызды білдіреміз, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы қызметіне 2017 жылы кіріскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама