Петицияға қол қойған қазақстандықтар қудаланбайды – министр

Дәурен Ерболат

Заңға енгізілген өзгерістер қоғамның дамуын көздейді

Фото: bychko.ru

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қоғамдағы мәселені көтеріп, петицияға қол қойған қазақстандықтардың қудаланбайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Петицияға қол қойғандар ешқандай қудалауға түспейді. Біріншіден, азаматтардың деректері қорғалады. Екіншіден, оларды мәселе көтергендері үшін ешкім қудаламайды. Заң жобасы, керісінше, азаматтардың құқығын қорғау, қоғамдық істерге белсенді араласу әрі азаматтық қоғамды дамыту үшін енгізіліп отыр. Бұл заң болмағанда (мемлекеттік органдар, – автор) жауап бермеуі немесе мәселені елемеуі мүмкін. Енді заң шыққан соң онлайн петиция берген әрбір азаматтың пікірі ескеріледі деп ойлаймын, - деді министр Мәжіліс отырысынан соң.

Айта кетейік, енді заңға петиция ұғымы енгізіледі.