×

«Дүкенде күріш 275 теңге». Министрдің айтқан бағасы журналистердің таңданысын тудырды

Дүкендегі бағалар әртүрлі болады

 Дәурен Ерболат 06.12.2022 | 14:43
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Астанадағы ірі дүкенде күріштің бір келісі 275 теңгеге сатылатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Magnum дүкенінде күріштің 1 келісі – 275 теңге. Сіз Magnum және Small-да бірдей өнім жиынтығын сатып алсаңыз, шығындар айырмашылығын сезінесіз. Тұран көшесінің бойымен жүріп, тәжірибе жасап көріңізші... Мен мүлдем кеңес бермеймін әрі ешкімді жарнамаламаймын. Мен жай ғана осындай тәжірибе жасау керектігін айтамын. Егер сіз күрішті үйдің жанындағы дүкеннен сатып алсаңыз, онда ол қымбат болады, - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң.

Осы кезде журналист министрдің сөзін бөлді.

«Сіз Magnum-да күріш 275 теңге дедіңіз. Біз бағаны тексердік. Ондағы ең төменгі баға – 319 теңге», - деді ол премьер-министрдің орынбасарына.

Серік Жұманғарин пікірін өзгерткен жоқ.

Жоқ, ондағы күріштің бағасы – 275 теңге, - деп қайталады сөзін.

Айта кетсек, бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары дүкендегі бағаларды қалай бақылайтынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама