×

Ресейде алапат жарылыстан 6 адам көз жұмды

Жарақат алған тағы 7 адамның біреуінің жағдайы ауыр

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2022 | 13:00
фото: Катерина Абдулова / 86.RU

Ресейдің Сібір аймағындағы Нижневартовск қаласында газ баллоны жарылып, 6 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға 5 қабатты тұрғын үйде болған. Қаза тапқандардан бөлек, тағы 7 адам жарақат алды. Дәрігерлер олардың біреуінің жағдайы ауыр екенін мәлемдеді.

Қазір жарылыс орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, тұрмыстық газ баллоны пәтердегі жөндеу жұмысы кезінде пайдаланылған.

52 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама