×

2026 жылғы әлем чемпионатының форматы өзгеруі мүмкін

48 құраманы үш командадан тұратын 16 топқа бөлу жоспарланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 02.12.2022 | 14:37
фото: ашық дереккөз

Футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар болашақта болатын төрт жылда бір рет өтетін теңбіл доп додасының форматын өзгертуді ойластырып жатыр.

2026 жылғы әлем чемпионаты  АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Оған алғаш рет 48 команда қатысады.

Осы мәселеге байланысты әлем чемпионатын ұйымдастырушылар 48 құраманы үш командадан тұратын 16 топқа бөлуді жоспарлап отыр. Дегенмен, қазір командаларды төрт құрамадан 12 топқа бөлу мәселесі талқылануда. Жоспар орындалса, әлем чемпионаты қазіргі кездегі 64 ойыннан 104 матчқа дейін көбейеді.

Әзірге шешім қабылданған жоқ.  Осы өзгеріске мүдделі адамдар алдағы айларда әлнм чемпионаттың форматын қайтадан талқылайды деп күтілуде. Кез келген шешім 2023 жылы қабылдануы керек.

Сарапшылардың айтуынша, егер ойындардың көптігіне байланысты турнирді тағы бірнеше күнге ұзартса, ФИФА да, ірі демеушілер де қарсылық білдірмейді. Олар билет сату және басқа жеңілдіктер арқылы үлкен қосымша табыс таба алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама