×

Елімізде коронавирустың «Цербер» штамы таралып жатыр

Бұл ауру әлемнің 65 елінде тіркелген

 Дастан Жұмабекұлы 02.12.2022 | 11:11
фото: ашық дереккөз

Елімізде коронавирустың жұқпалы «Цербер» штамы таралып жатыр. Вирустың бұл түрі өте жұқпалы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қараша айында қазанмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны 1,5 есе көбейген. Ведомствоның хабарлауынша, аптасына орташа есеппен коронавирус жұқтырған 700 науқас тіркеледі.  Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысында ауру апта сайын 2,2 есеге дейін таралып жатыр. Омикронның түрленген «Цербер» штамы әлемнің 65 елінде анықталған. Ал Қазақстанда әзірге Астанада ғана тіркелді.

Омикрон «Цербердің» ерекшелігі, ол өте жұқпалы. Бірақ жеңіл немесе орташа түрде өтеді. Омикрон коронавирустың штамы анықталған. Оны емдеу жолы бірдей, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама