×

Коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтардың денсаулығы күрт нашарлады – министр

Биыл Қазақстанда ана өлімі 3,5 есеге төмендеген

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 11:03
Фото: 365info.kz

Биыл Қазақстанда әртүрлі аурудан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, халықтың денсаулығын нығайту – Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі. Бүгінде министрлік президенттің тапсырмасын орындау үшін кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Елімізде соңғы айлардың қорытындысы мен ресми статистика бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалады. 2020-2021 жылдары коронавирус пандемиясына байланысты халықтың денсаулығы күрт нашарлаған. Ол – тек Қазақстанда емес, дүниежүзінде байқалған үрдіс. Алайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл 9 айда жалпы өлім-жітім көрсеткіші 28%-ға төмендеді. Бұл ретте қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім жітім-көрсеткіші 32%-ға, обырдан болатын өлім 9%-ға, әртүрлі жарақаттан болатын өлім 4%-ға, тыныс алу ағзалары ауруларынан болатын өлім-жітім 33%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 17%-ға төмендегені байқалады, - деді Ажар Ғиният Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, биыл ана өлімі 3,5 есеге төмендеген, ал сәби өлімінің саны 200-ден аса сәбиге азайған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама