×

Бұрын ҰҚК-да қызмет еткен екі депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

Екі депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске жолданды

 Ербол Тұрымбет 05.03.2022 | 08:43
фото: Қаменов және Решетников

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қаулысымен Мәжіліс депутаты Сергей Решетников пен Файзолла Қаменовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

ОСК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Решетников пен Қаменов мандатын өткізу туралы өтінішті өздері берген.  

Сергей Решетников - Мәжілісте халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Ол 1996 - 2008 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінде түрлі қызмет атқарған.

2010 жылы Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінде түрлі бағыттағы тактикалық-арнайы дайындық бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері бойынша білім алған. Бірқатар оқу және әдістемелік оқу құралын дайындап, оларды ҰҚК «Арыстан» қызметінің ұрысқа дайындығына ендірген.

Файзолла Қаменов те 2013 - 2014 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметін басқарған. 2021 жылы партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама