×

Атырауда жүргізушінің кесірінен жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 30.11.2022 | 17:25
Фото: liter.kz

Атырауда жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқыс оқиға бүгін, 30 қарашада сағат 11:00 (жергілікті уақыт бойынша) шамасында болды. Қаладағы Лев Владимирский көшесінде Daewoo Nexia жүргізушісі екінші жолақтан шығып, басты жолда келе жатқан жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған. Соның кесірінен көліктер соқтығысқан.

Жедел жәрдем бригадасының көлігіндегі жолаушы дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді, –  деп жазылған хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігінің Медикер Жайық Qamqor QP2 компаниясының өңірлік филиалына тиесілі екенін растады.

«Бұл көлікпен науқастар тасымалданбайды. Жедел жәрдем көлік курьерлік қызмет пайдаланылады. Көлікте болған курьер мен жүргізушінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккен қызметкерлердің денсаулығы емхана басшысының тікелей бақылауында», –  делінген хабарламада.

Полицейлер көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама