×

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатушы ұсталды (ВИДЕО)

Ол құжаттарды компьютер, түрлі-түсті принтер және ламинатор арқылы жасаған

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 13:40
Фото: inform.kz

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін жасап, сатуымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалада облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы және ішкі істер органдарының қызметкерлері бірлесіп, жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сату бойынша қылмыстық әрекетті анықтады.

Жергілікті тұрғын компьютер, түрлі-түсті принтер және ламинатордың көмегімен жалған полиция куәліктерін жасап, оларды тұрғындарға сатқан.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа, ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған 100-ден аса мұқаба алынды. Күдікті жедел уәкілдің «корочкасын» сатқаннан кейін арнайы іс-шара барысында ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті жасап, сатып үлгерген жалған қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама