Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметі мен агенттік басшылары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен:
- Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына;
- Сәкен Сайынұлы Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына;
- Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Президенттің іс басқарушысы лауазымына;
- Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына;
- Әсет Арманұлы Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына;
- Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетін Ермек Сағымбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Олжас Бектенов басқаратын болды.