×

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

16 қаңтарда Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды

 Айнұр Асылбекқызы 04.03.2022 | 10:43
Мейірім Қалауи, фото: gov.kz

Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау қаласының әкімі болып Мейірім Қалауи тағайындалды.

Мейірім Жоламанұлы 1985 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған.

2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы, 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама