Президент ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған Жарлыққа қол қойды

Динара Амантай

2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдау көзделген

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құжатта ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің институционалдық жағынан қамтамасыз етілуін дамыту және тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында 2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы ауылды дамытуға тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз.